01.09.2006, 11:43 2867

Қазақстанда 2007-жылы мемлекеттік мекемелер мен облыстық әкімшіліктердің іс-қызметіне рейтингтік баға беру жүйесі тұрақты негізде енгізіледі - президент

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007-жылы мемлекеттік мекемелер мен облыстық әкімшіліктердің іс-қызметіне рейтингтік баға беру жүйесі тұрақты негізде енгізіледі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл жұмыс процестерін ішкі әкімшілік басқаруды жақсарту, бюджет қаражатын тиімді жұмсау және мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз ету үшін жасалады",- деді Н.Назарбаев.

Оның пікірінше, рейтингтік бағалау жүйесін енгізу "мемлекеттік мекемелерді өз іс-қызметінің тиімділігін көтеруге ынталандырады". Президент сондай-ақ "бюджетті жоспарлауда қатаң бюджеттік шектеулер саясатынан ақырғы нәтижеге бағытталған қаржыландыру жүйесіне ден қою қажет" деп пайымдайды. Оның айтуынша, "мемлекеттің салалық және аймақтық бюджеттік бағдарламаларында нақты мақсаттары мен индикаторлары болуға тиіс". "Бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтіліп, тиісті бағдарламаларды жүзеге асыруда бюджет қаржысының жұмсалуына бақылау қоюдың ықпалды жүйесі құрылуға тиіс",- деді Н.Назарбаев.

"Сонымен бірге әрбір мемлекеттік мекеме өз іс-қызметінің өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығындарды азайтуға міндетті",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны