19.05.2009, 11:17 1269

Қазақстанда 2009-2011 жылдарға арналған есірткі саудасымен күрес бағдарламасын қаржыландыру жайы бекітілді

Қазақстанда 2009-2011 жылдарға арналған есірткі саудасымен күрес бағдарламасын қаржыландыру жайы бекітілді

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі 2009-2011 жылдарға арналған есірткі саудасымен күрес бағдарламасын қаржыландыруды бекітті. Осындай шешім бүгін өткен үкіметтің отырысында қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бағдарламада 39 млрд 714 млн теңге бөлу қарастырылған", - деді ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов.

"Оңтүстік шекараны инженерлік құрылғылармен, техникалық бақылау жүйелерімен бекіту, заставалар мен кордондарды қажетті көлікпен және байланыспен қамтамасыз ету жоспарлануда", - деді министр.

Сонымен бірге, шекарадағы кеден бекеттерін инспекциялық тексеру кешендерімен және жүкті бақылаудың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықтау көзделуде.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанның өз ішіндегі есірткі тасымалымен күресті күшейте түспекші. "Ел ішіндегі есірткі тасымалын анықтау үшін есірткімен күрес жөніндегі оперативтік бөлімшелерді мобильді рентген-қондырғылармен жабдықтауды ұсынып отырмыз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны