31.03.2009, 18:16 6598

Қазақстанда 2009 жылы мемлекеттік шекарада 209 шақырым инженерлік қоршаулар мен құрылғылар салу жоспарлануда

Қазақстанда 2009 жылы мемлекеттік шекарада 209 шақырым инженерлік қоршаулар мен құрылғылар салу жоспарлануда

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2009 жылы мемлекеттік шекарада 209 шақырым инженерлік қоршаулар мен құрылғылар салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісінде ҚР ҰҚК төрағасмы Амангелді Шабдарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, комиссия мәжілісі барысында Қазақстан Республикасының оңтүстік шептерін нығайту бойынша шараларды іске асыру аясында мемлекеттік органдармен, оның ішінде атқарушы билік органдарымен өзара іс-әрекет ету мәселесі талқыланды.

Комиссияның төрағасы ҰҚК басшысы Амангелді Шабдарбаев қазіргі заманғы жағдайда шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, шекараны сенімді қорғаудың, шекаралық инфрақұрылымды салудың және орнықтырудың көкейкестілігін атап өтті. Атап айтсақ, өткен жылы ғана оңтүстік шекарада 107 шақырым инженерлік қоршау мен құрылғы салынды, жақындағы болашақта қосымша 209 шақырым орнықтыру жоспарлануда. Аталмыш шара шекара режимін қолдауға мүмкіншілік береді, контрабандалық қызметті, заңсыз көші-қонды және есірткі трафигінің жолын кесуге оң ықпал етеді, мемлекететтік шекара арқылы өткізу пункттерінің айналасындағы мазасыздықты кетіреді, - деп атап айтты А. Шабдарбаев.

Қазақстанның шекаралық аймақтарындағы жағдай туралы Шекара қызметі директорының орынбасары Марат Мәжитов пен төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Аблай Сабдалин баяндама жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны