20.06.2008, 12:02 2707

Қазақстанда 200 жуық проблемалы нысан бар, олардың құрылысына үлескерлердің 104 млрд теңгесі тартылған - Бас прокуратура

Қазақстанда 200 жуық проблемалы нысан бар, олардың құрылысына үлескерлердің 104 млрд теңгесі тартылған - Бас прокуратура

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 200 жуық проблемалы нысан бар, олардың құрылысына үлескерлердің 104 млрд теңгесі тартылған. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елімізде барлығы 200 жуық проблемалы нысан бар. Оларды үлескерлердің 104 млрд теңгесі тартқан 123 компания салуда", - деді А. Дауылбаев. Оның нақтылауынша, проблемалы нысандардың басым бөлігі Астанада (110) және Алматыда (42) орналасқан.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, барлығы тексерулер аясында қылмыстық қудалаушы құқық қорғау органдарына 15 материал анықталып, тапсырылды. Атап айтсақ, олардың жетеуіне қатысты, атап айтсақ, "Верный.KZ" ЖШС, "Алматыинвестстрой", "Казстрой", "Казкоммерцинжиниринг", "Столичная недвижимость", "Best Group" және "Стройинвест" ЖШС қатысты үлескерлерге зиян келтіру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны