25.03.2010, 18:03 3799

Қазақстанда 2010 жылға арналған хайуанаттар дүниесі нысандарын алу (аулау) лимиті белгіленді

Қазақстанда 2010 жылға арналған хайуанаттар дүниесі нысандарын алу (аулау) лимиті белгіленді

Астана. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылға арналған хайуанаттар дүниесі нысандарын алу (аулау) лимиті белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР үкіметінің 2010 жылдың 13 қаңтарындағы "2010 жылға арналған хайуанаттар дүниесі нысандарын алу (аулау) лимитін бекіту туралы" №4 қаулысына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының "Хайуанаттар дүниесін қорғау, толықтыру және оны пайдалану туралы" 2004 жылдың 9 шілдесіндегі заңына сәйкес Қазақстан үкіметі 2010 жылға арналған хайуанаттар дүниесі нысандарын алу (аулау) лимитін бекітуді қаулы етеді, ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетіне аң аулау квотасын тұтынушалар арасында белгіленген лимит негізінде бөлуді тапсырады",- делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы мәтіні ресми БАҚ-тарда жарияланған күннен бастап, яғни, 20 наурыз, сенбіден бастап күшіне енеді.

Үкімет белгілеген лимитке 17 бұлан, 267 бұғы, 3402 сібір елігі, 1832 қабан, 586 тау ешкісі және 47 қоңыр аю кірген.

Үкімет бекіткен тізімге , сондай-ақ, 57854 суыр, 111597 ондатр, 880 бұлғын, 190 су құндызы, 12338 түлкі, 3213 қарсақ, 127703 қоян және 314 американдық қаракүзен енгізілген.

Сонымен қатар, 3343 борсық, 184 тиін, 214 арыс , 1573 жазық күзені, 256 колонок, 18 сілеусін және 11 кәмшат, 348 солонгой аулауға рұқсат берілді.

Аулауға рұқсат берілген құстар тізіміне 218621 қаз, 794812 үйрек, 135036 қасқалдақ, 10449 балшық құсы , 15990 құр, 73 ата құр және 382 шіл кірген. Сонымен қатар, 56289 қырғауыл, 317 ұлар, 57852 кекілік, 22801 тау кекілігі, 5065 бөдене, 45070 көгершін аулау лимиті белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны