27.03.2007, 17:43 3308

Қазақстанда 2010-жылға дейін ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімнің 2 процентіне дейін өседі - мемлекет басшысы

Қазақстанда 2010-жылға дейін ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімнің 2 процентіне дейін өседі - мемлекет басшысы

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2010-жылға дейін ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімнің 2 процентіне дейін өседі. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жас ғалымдармен және ғылым саласындағы менеджерлермен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алдағы бірнеше жылда, шамамен 2010-жылдары біз ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 2 процентіне дейін өсіруді жоспарлап отырмыз",- деді президент. "Бұл АҚШ немес Жапония сияқты елдердің деңгейіне сәйкес",- деді ол. Жалпы алғанда, Н.Назарбаевтың айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан ғылымын қаржыландыру көлемі жеті есе өсті.

Сонымен бірге "елімізде ғылыми әлеуетті дамытуға кедергі келтіретін факторлар бар, оларды шешу керек", деді президент. "Ғылыми-зерттеу және конструкторлық жаңалықтар арасында тепе-теңдік жоқ. Зерттеулермен шұғылданатын құрылымдардың арасында ғылыми-зерттеу институттарының үлесі 45 процентке жетеді, ал жобалық және конструкторлық ұйымдарға небәрі 6,4 процент тиесілі",- деді мемлекет басшысы.

"Егер осы проблемаға мамандардың саны жағынан алып қарайтын болсақ, Қазақстанда тәжірибелік өндірістің бір қызметкеріне 4 конструктор мен 25 ғалымнан келеді",- деді Н.Назарбаев. "Қаржының басым бөлігі, немесе, 71 процентке дейінгі көлемі қолданбалы зерттеулерге жұмсалса, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға небәрі 8 процент бөлінеді", деп атап өтті ол. "Жалпы алғанда Қазақстанда тікелей өнеркәсіп орындарындағы зерттеуші және конструкторлық бөлімдер жеткіліксіз",- деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны