29.09.2016, 11:42 4069

Қазақстанда 2013-2015 жылдарда Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін пайдаланудан 229,9 млн теӊгеніӊ пайдасы табылды

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесініӊ ақпараттар мен қызметтерді ұсынудан түскен табысы 229,9 млн. теӊгені құрады, деп хабарлады Қазғарыштыӊ баспасөз қызметі.

Д Астана.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесініӊ ақпараттар мен қызметтерді ұсынудан түскен табысы 229,9 млн. теӊгені құрады, деп хабарлады Қазғарыштыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасыныӊ Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (ҚР ДЖСНЖ) пайдалануға енгізу геодезия, картография, жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі ғимараттар құрылысы, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сондай-ақ навигациялық аппаратураныӊ метрологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағы басқа міндеттерді шешуде пайдаланушыларға дәлдігі жоғары координаттар мен соӊғы уақытты айқындауға мүмкіндік берді.

2013-2015 жылдар аралығында ақпарат таратудан және қызметтерді іске асырудан 229,9 млн. теӊге сомасында кіріс кіргенін атап өткен жөн.

Еске салсақ, Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі Қазақстан Республикасыныӊ аумағында Жаһандық навигациялық спутниктік жүйеніӊ (ЖНСЖ) ақпараттарын тұтынушылардыӊ сапалы әрі кепілдендірілген координаттық-уақыттық және навигациялық қызметтерді алуға бағытталған.

ҚР ДЖСНЖ жобасын ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетініӊ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ навигациялық жабдықтарды өндіру бойынша жобалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін негізінен қазақстандық кәсіпорындарды тарта отырып іске асыруда.

ҚР ДЖСНЖ-ныӊ құрамына 60 дифференциалдық станциядан (ДС) мыналар кірді: дифференциалдық түзету мен мониторинг орталығы (ДТМО); теӊіз локальді дифференциалдық станциясы (ТЛДС); мобильдік дифференциалдық станциясы (МДС); сәйкестікті бағалау зертханасы; навигациялық жабдықтарды тәжірибелік өндіру.

Дәлдігі жоғары спутниктік навигациясыныӊ түзетілетін ақпараттарын пайдалану негізінде бірқатар салалық міндеттер шешілуде. Олар: ғарыш түсірілімдерініӊ нақты координаттық байламы; топографикалық жоспарларды құру, елдімекендердіӊ, цифрлық кадастрлық карталардыӊ (жоспарлардыӊ) жан-жақты цифрлық үлгісі; жобалау және зерттеу жұмыстар, орындалатын түсірілімдер; жер иелену түсірілімдері, жерасты және жерүсті коммуникациялары; желілік құрылыстардыӊ (ЭБЖ, құбырлар) сыртына шығару; ғимараттар мен құрылыстардыӊ бұрыштарын үйлестіру; жол-құрылыс жұмыстары; ұлттық спутниктік геодезиялық желі орнату және координаттардыӊ ұлттық жүйесін жасау; ауыл шаруашылығы саласында "нақты жер шаруашылығы" технологиясын жүргізу; аса маӊызды және қауіпті жүктерді тасымалдау, орналасқан жерін, жылдамдығын бақылау; жолаушылар мен жүктерді аймақтық және аймақаралық тасымалдауды үйлестіру; бөгеттердіӊ бұзылуы мен жылжымалылығына мониторинг; теӊіз көлігініӊ метрлік дәлдікті навигациясын және қазақстандық порттардыӊ акваториясында өткелдер мен бұрылыстар кезінде кемелердіӊ жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны