01.04.2013, 11:16 3461

Қазақстанда 2013 жылы 9 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді

"Ағымдағы жылы автожолшылар 9 мың шақырым республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлады", - деді А.Жұмағалиев.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қазақстанда 9 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім етті.

"Ағымдағы жылы автожолшылар 9 мың шақырым республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлады", - деді А.Жұмағалиев.

ККМ мәліметіне сүйенсек, "Бейнеу-Шетпе", "Семей-Қабалтау", "Көкшетау-Петропавл", "Қапшағай-Талдықорған" учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, 2013 жылы "Астана-Теміртау" учаскесін және "Астана-Павлодар" автожолын

қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған.

"Автожол саласына келетін болсақ, өткен жылы 5,5 мың км республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Жол жағдайы 4%-ға жақсарған, бұл транзиттік тасымалдаудың 20 %-ға өсуін қамтамасыз етті", - деп толықтырды ККМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны