14.05.2013, 11:05 3047

Қазақстанда 2013 жылы жас отбасыларға жалдамалы тұрғын үйдің 2,5 мың шаршы метрі салынған

Ағымдағы жылдың басынан бастап республикада жас отбаылар үшін 2,5 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй салынған, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2013 жылы жас отбасыларға жалдамалы тұрғын үйдің 2,5 мың шаршы метрі салынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап республикада жас отбаылар үшін 2,5 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй салынған, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

"Жас отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына облыс әкімдеріне, Астана мен Алматы қалаларына 2013 жылы мақсатты трансферттер қарастырылған... 2013 жылға қарастырылған енгізу жоспары - 117 мың шаршы метр немесе 1,6 мың пәтер. Төрт айда 2,5 мың шаршы метр немесе 42 пәтер салынған", - деді С.Нокин.

Сонымен қатар, ол жас отбасылар үшін тысқары іске қаражат 2012 жылы бөлінген болатын, осыған байланысты тұрғын үйді пайдалануға беру ағымдағы жылдың 3-ші, 4-ші тоқсанына жоспарланғанын атап өтті.

Айта кету керек, аталған трансферттер бойынша қаражаттың 95% игерілген. Төмен игеру - 11% деңгейінде Оңтүстік Қазақстан облысында байқалып отыр.

Жалпы алғанда, вице-министрдің айтуынша, кезектегілерге арналған жалдамалы тұрғын үй құрылысына 2013 жылы облыс әкімдіктерімен, Астана мен Алматы қалаларымен 17,5 млрд теңге мақсатты трансферттер қарастырылған.

Өңірлік даму министрлігінің мәліметінше, бөлінген трансферттер бойынша игеру бөлінген сомадан 82%-ға жетті. Төмен деңгейдегі игеру Ақтөбе облысында - 22%, ал екі облыста Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстанда игеру жоқ.

Бүгінгі таңда жалдамалы тұрғын үйдің 25,5 мың шаршы метрі немесе 427 пәтер пайдалануға берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны