21.01.2014, 19:58 3349

Қазақстанда 2014-2015 жылдардың жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды

"Бүгінде 2014-2015 жылдардың күзгі және қысқы жылыту маусымдарына дайындық жұмыстары мен энергияны жабдықтаушы мекемелерге қысқы мезгілде жұмыс істей алатынын растайтын күәліктерін беру уақыты нақты бекітіліп қойды", - делінген хабарламада.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан 2014-2015 жылдардың жылыту маусымына дайындалуда. Алдағы жөндеу жұмыстарының науқанына елдегі жылу өндіретін және оны тарататын кәсіпорындар дайындықты бүгіннен бастады. Бұл туралы ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады

"Бүгінде 2014-2015 жылдардың күзгі және қысқы жылыту маусымдарына дайындық жұмыстары мен энергияны жабдықтаушы мекемелерге қысқы мезгілде жұмыс істей алатынын растайтын күәліктерін беру уақыты нақты бекітіліп қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, алдағы уақытта барлығы 9 жылу станциялары, 65 қазандық, 45 турбиналар жөндеуден өтетін болады. Қазіргі таңда Бұхтырма СЭС, Қапшағай СЭС мен Маңғыстау ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары басталып кетті.

ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбектің айтуынша, биылғы жылу маусымы тұрақты, елдегі энеркетикалық кешендердің жұмысы штаттық тәртіпте өтіп жатыр.

"Бекітілген жұмыс кестесінен ауытқымай жұмыс істеу жылу жүйесі мен аралық станцияларды алдағы науқанға уақытылы дайындауға мүмкіндік береді. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін белсенді жаңғырту жұмыстары жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғана жүргізілетін болады. Бұл дегеніңіз 5-6 ай. Сондықтан да жөндеу жұмыстарына энергетиктер қазіргі жылу маусымымен қатар кірісіп кетті", - деп Арман Тұрлыбек атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны