06.10.2011, 11:05 4297

Қазақстанда 2014 жылға дейін жел энергетикасы жобаларының бірінші кезегі іске қосылады

"Қазақстанда жел қуатының паркін салу бойынша бірқатар жобалар іске асырыла бастады. Олардың алғашқысын пайдалануға тапсыру 2012-2014 жылдарға жоспарланған", - деді Б. Жақсалиев сәрсенбі күні KAZENERGY-дің VI Еуразиялық форумында.

Астана. 6-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2014 жылға дейін жел энергетикасы жобаларының бірінші кезегі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев KAZENERGY VI Еуразиялық Форумында мәлім етті, деп хабарланған ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"Қазақстанда жел қуатының паркін салу бойынша бірқатар жобалар іске асырыла бастады. Олардың алғашқысын пайдалануға тапсыру 2012-2014 жылдарға жоспарланған", - деді Б. Жақсалиев сәрсенбі күні KAZENERGY-дің VI Еуразиялық форумында.

"Осы аралықта жобалау, жабдықтарды жеткізу жұмыстары аяқталуы тиіс", - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жел қуатын өндіретін жұмыстар "жылдам жүреді".

"...Біздегі салынатын жел парктеріне жабдықтарды жеткізу оңай. Біздің зауыттар жабдықтардың жартысын шығаруға дайын", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінге Қазақстанда қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшері республикада жалпы өндірілген қуаттың 0,5%-ын құрайды екен. 2014 жылы бұл көрсеткішті 1%-ға, 2020-шы жылы 3%-ға жеткізу көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны