21.01.2014, 21:35 5780

Қазақстанда 2014 жылы заңды түрде жер телімдерін рәсімдеу уақыты қысқарады - Б.Жәмішев

"Жерді тиімді пайдалануға кедергі болып отырған барлық тосқауылдарды алып тастау керек. Осыған орай, 2014 жылы жер телімдерін рәсімдеудің жалпы мерзімін 37 күнге дейін қысқартатын заңдар қабылданады", - деді сөз басында Б.Жәмішев.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылы жер телімдерін рәсімдеу уақытын 37 күнге дейін қысқарту бойынша заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев хабарлады.

"Жерді тиімді пайдалануға кедергі болып отырған барлық тосқауылдарды алып тастау керек. Осыған орай, 2014 жылы жер телімдерін рәсімдеудің жалпы мерзімін 37 күнге дейін қысқартатын заңдар қабылданады", - деді сөз басында Б.Жәмішев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырып өтті. Тарқатып айтатын болсақ, 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, республикада ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн 115 мың гектар жер 17,6 млрд теңгеге сатылған. Сатылған жалпы жер телімінің 704 мың гектарын 13,7 млрд. теңгеге азаматтар сатып алған. Жеке тұлғаларға сатылған жер көлемі 411 мың гектарға тең ( 3,9 млрд теңге).

Естеріңізге сала кетейік, жер нарығын қалыптастыруда бастысы сатып алу және сату бойынша мәміле жасау еркіндігі. Бүгінде Қазақстанда жер нарығы екі бағыт бойынша түзілуде: мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін жеке меншікке нормативтік құны бойынша сату және жеке әрі заңды тұлғалардың меншігіндегі жер телімдері бойынша түрлі келісімдерге отыру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны