26.02.2015, 17:04 4004

Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарасы оӊайлатылады

Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмыссыз ретінде тіркелген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылғы 1 сәуірден бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жұмыссыз ретінде тіркелген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасы бойынша "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтарға жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақылар белгілеуге өтінімді өкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген кезде өткізу құқығын беру қарастырылған.

Осылайша, жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесініӊ қатысушысына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына әлеуметтік төлем белгілеу үшін қосымша хабарласудыӊ қажеті болмайды.

Сонымен қатар, жұмыссыз ретінде тіркелген азамат жұмысынан айырылған жағдайда қарастырылатын әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау жөнінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінім бере алады.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеӊейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСИДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріӊізге саламыз.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны