29.04.2015, 14:12 3993

Қазақстанда 2015 жылғы Iтоқсанда қызамық сырқаттанушылығы жағдайлары тіркелген жоқ

Қазақстанда 2015 жылғы Iтоқсанда қызамық сырқаттанушылығы жағдайлары тіркелген жоқ, ал 2014 жылдыӊ осы кезеӊінде қызамық сырқаттанушылығыныӊ 70 жағдайы тіркелген

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылғы Iтоқсанда қызамық сырқаттанушылығы жағдайлары тіркелген жоқ, ал 2014 жылдыӊ осы кезеӊінде қызамық сырқаттанушылығыныӊ 70 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда қызамыққа қарсы халықты жоспарлы иммундау қызылша, қызамыққа және паротитке (бұдан әрі - ҚҚП) қарсы құрама вакцинамен жүргізіледі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған міндетті профилактикалық егу тізіміне кіреді.

Егу жұмыстарыныӊ арқасында республика бойынша соӊғы 20 жылда қызамықпен сырқаттану деӊгейі 68 есе төмендеді.

Қызамық - бұл ауру адаммен тығыз байланыс кезінде ауа-тамшылы берілетін, жіті респираторлық вирустық ауру. Қызамық құрсақтағы баланыӊ 85% - ға дейін ауыр жарақаттану мүкіндігініӊ жоғарылауына байланысты жүкті әйелдерге ерекше қауіп төндіреді. Сонымен бірге туа біткен қызамық синдромы (жүрек кемістігі, катаракта, нашар есту) үштік аномалиялар түрінде пайда болады. Сонымен қатар, жиі қаӊқа зақымданады, зәршығару жәнеас қорыту жүйелері кемістігініӊ дамуы, геморрагиялық синдром (тромбоцитопения есебінен) микрофтальмгения, орталық жүйке жүйесі зақымданады.

Қызамықтыӊ алдын алуда егу бірегей әдіс болып табылатынын атап өту керек. Қазақстанда халықты бұл ауруға қарсы иммундау 2 рет жүргізіледі: 12-ден 15 айға дейінгі аралықта және 6 жастағылар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны