03.09.2007, 15:11 3164

Қазақстанда 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішімдік сатуға тыйым салу көзделуде

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішімдік, соның ішінде сыра сатуға тыйым салу жөнінде бастама көтермек ниетте.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішімдік, соның ішінде сыра сатуға тыйым салу жөнінде бастама көтермек ниетте. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізетін заң жобасын жасады. Атап айтсақ, "алкогольді өнімдерді, соның ішінде сыраны 21 жасқа жетпеген тұлғаларға сатуға тыйым салу жоспарланған".

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, "кәмелеттік жасқа жетпегендердің түнгі клубтарға, ойынханалар мен ойын автоматтары салондарына баруына тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр".

"Бұл заң жобасын біз келесі жылдың басында парламентке енгіземіз", - деді Б. Қожахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны