07.02.2014, 18:16 3167

Қазақстанда 23 мың кәсіпкер өздерінің бизнесін интернет арқылы тіркеді - ККМ

Айта кетейік, кәсіпкерлерге өзінің бизнесін тіркеу үшін мемлекеттік органға барудың қажеттілігі жоқ екендігін еске салған жөн. Бүгінгі күні электрондық түрдегі барлық рәсімдер бір күннен аспайды және ешқандай қосымша құжаттарды талап етпейді.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. 23 005 заңды тұлға бизнесті онлайн тіркеу жөніндегі ҚР электрондық үкіметінің қызметін пайдаланды.

"Бұл ретте ағымдағы жылдың бірінші айында интернет желісі арқылы 1500 астам заңды тұлға тіркелген", - деп Көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.

Айта кетейік, кәсіпкерлерге өзінің бизнесін тіркеу үшін мемлекеттік органға барудың қажеттілігі жоқ екендігін еске салған жөн. Бүгінгі күні электрондық түрдегі барлық рәсімдер бір күннен аспайды және ешқандай қосымша құжаттарды талап етпейді.

Салыстыру үшін - бұрын өтініш беруші адам мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжаттармен келетін және тіркелу үшін деректердің тексерілуін 5 күннен 30 күнге дейін күтетін еді. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыруды арқасында тіркелу рәсімдерін жылдамдатуға мүмкін туды.

Сонымен қатар электрондық үкіметтің АХАТ-не онлайн-өтінішті беру қызметі үлкен сұрансықа ие. Мысалы, қазіргі таңда 50 000-нан астам жұп некені тіркеуге өтінімдерін еgov.kz арқылы берді, оның ішінде 3 000-ға жуығы - 2014 жылдың қаңтарында өтінім берген.

Интернет арқылы сотқа 27 000 аса өтініш берілді, және жылдың басынан бастап мыңға жуық шағым е-өтініштер сотқа жөнелтілді.

Азаматтар көбінесе өзінің дербес деректері туралы анықтамаларды алу жөніндегі қызметтерді жиі пайдаланады. Е-үкімет порталы арқылы жылжымалы мүлігінің бар немесе жоқ екендігі туралы 40 миллионға жуық анықтамалар, 15 миллионға жуық мекенжай анықтамалары, 3 миллион зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар берілді.

Порталда барлығы 233 электрондық қызметтер мен сервистер қолжетімді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны