02.07.2009, 11:18 1778

Қазақстанда 2 шілде Дипломатиялық қызмет күні ретінде атап өтіледі - президент жарлығы

Қазақстанда 2 шілде Дипломатиялық қызмет күні ретінде атап өтіледі - президент жарлығы

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2 шілде Дипломатиялық қызмет күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасы президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 жарлығына толықтыру енгізу туралы" жарлығына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін: аталған жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: "Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде".

Осы жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген жарлық мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны