10.06.2014, 21:01 3042

Қазақстанда 30 томдық салалық сөздік дайындалуда - Мәдениет министрлігі

"Қазақ тілінің терминологиясын реттеу үшін жүйелі түрде ҚР Үкіметі жанында республикалық терминологиялық комиссияның отырысы өтеді. Онда терминдер бекітіліп отырады. Терминологиялық лексиканы бірегейлендіру мен терминологиялық қорды жаңа терминдермен толықтыру 30 томдық салалық қазақша -орысша, орысша-қазақша сөздік арқылы жүзеге асуда, әр сала бойынша терминдер саны 11 мыңға жеткізілді", - деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда 30 томдық салалық сөздік дайындалуда. Бұл туралы мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақ тілінің терминологиясын реттеу үшін жүйелі түрде ҚР Үкіметі жанында республикалық терминологиялық комиссияның отырысы өтеді. Онда терминдер бекітіліп отырады. Терминологиялық лексиканы бірегейлендіру мен терминологиялық қорды жаңа терминдермен толықтыру 30 томдық салалық қазақша -орысша, орысша-қазақша сөздік арқылы жүзеге асуда, әр сала бойынша терминдер саны 11 мыңға жеткізілді", - деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын" жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады. 39 iс-шарадан тұратын 2011-2013 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаның бiрiншi кезеңi аяқталды. Бағдарламаны Мемлекеттік тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттауға бағытталған бiрiншi бағыты бойынша бiрқатар шаралар атқарылды. Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша бiз бес деңгейлi оқыту әдiстемелiк кешенiн әзiрледiк", - делінген хабарламада.

Ендiгi кезекте мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн меңгеруді мiндеттеген дұрыс. Мұны 2015 жылдан бастап орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына сатылы түрде "Қазтест" жүйесiн енгiзу арқылы шешу.

Сондай-ақ терминология саласы бойынша шығарылатын сөздiктерге сараптама жасап, мақұлдайтын, халықаралық терминдердi бiрiздендiрiп, оны реттейтiн Лингвистикалық орталықтың болмауы терминтану, терминология бойынша арнайы жұмыс жүргізуге қиындық тудырып отырғандығын аталды.

"Қордаланған мәселелердi шешу үшiн терминологиялық лексиканы қалыптастыру және бiрiздендiру жөнiндегi жұмысты жүзеге асыратын Тiл комитетiне қарасты Лингвистикалық орталық ашылғалы тұр", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны