12.06.2013, 14:06 3535

Қазақстанда 40-тан астам жаңа өнім түрін шығару ретке келтіріледі

Бұл туралы бүгін "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ -ның басқарма төрағасы Ануар Боранбаев "Тұрақсыз әлем экономикасы жағдайындағы ТКМК-нің технолгиялық өсуінің перспективалары" атты форумда мәлім етті.

Астана. 12-маусым. Kazakhstan Today - Республикада тау-кен металлургия кешенін дамытудың шеберлік жоспары жасалған, ол 40-тан астам өнім түрін жасауды және шығаруды қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ -ның басқарма төрағасы Ануар Боранбаев "Тұрақсыз әлем экономикасы жағдайындағы ТКМК-нің технолгиялық өсуінің перспективалары" атты форумда мәлім етті.

"Оның аяқталуымен неге қол жеткізгіміз келеді - 40-тан астам жаңа өнім түрін шығару, жаңа жұмыс орындарын құру және 2030 жылға қарай өндірілетін өнім көлемі 7,5 трлн теңгеден асады", - деді А.Боранбаев.

Сонымен қатар, ол жоспар 3 кезеңнен тұратынын, оған қазіргі өндірістерді жаңарту, жаңа жобаларды және ТКМК үшін қажетті инфрақұрылымды құру кіретінін атап өтті.

Осылайша, институт басшысының айтуынша ТКМК сұраныстарына көліктік-логистикалық инфрақұрылымды бейімдеу қажет, яғни нысандар құрылысы өңірлік минералды-шикізаттық базаға бекітілуі тиіс.

Сонымен бірге, ғылыми-техникалық әлеует мәселесі бойынша бүгінгі таңда мақсатты технологиялық бағдарлама жүзеге асырылуда, алайда ТКМК технологияларының жеке басазын құру туралы мәселе әлі де бар.

Инвестициялық саясатқа қатысты Ануар Боранбаев салықтық жеңілдік және әкімшілік тосқауылдарды қысқарту арқылы инвестициялық ағындарды одан әрі ынталандыру керектігін басып айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны