14.08.2012, 13:18 2724

Қазақстанда 44 мыңға жуық жер учаскесі пайдаланылмай жатыр

"Қарастырылған 366 мың учаскенің 305 мыңы немесе 84%-ы түгендеуден өтті. Қалған бөлігі бұл кезеңге дейін қамтылған болатын. Түгендеуді жүргізу учаскелерді игеру мәселелесіне жаңа серпіліс беріп қана қоймай, сондай-ақ аймақтардағы жұмыстың жандануына сеп болды", - деді Отаров.

Астана. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 44 мыңға жуық жер учаскесі пайдаланылмай жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Үкімет отырысында Жер ресуртарын басқару агенттігінің төрағасы Қадірхан Отаров мәлімдеді.

"Қарастырылған 366 мың учаскенің 305 мыңы немесе 84%-ы түгендеуден өтті. Қалған бөлігі бұл кезеңге дейін қамтылған болатын. Түгендеуді жүргізу учаскелерді игеру мәселелесіне жаңа серпіліс беріп қана қоймай, сондай-ақ аймақтардағы жұмыстың жандануына сеп болды", - деді Отаров.

Сонымен қатар, ол өз баяндамасында мемлекет қарамағына қайтарылған жер учаскелерінің 80%-ы Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына тиесілі екенін жеткізді.

"Бұған қоса 44 мыңға жуық жер телімі пайдаланылмайды немесе оларды қолдануда заңнаманы бұзу фактілері тіркелген. Мұндай жерлер 1 мың га аумақты алып жатыр, 400 учаскені құрайды. Олардың 20%-ы жалға алу келісімшарттарын бұзу арқылы мемлекет қарамағына қайтарылған. Қайтарылған жер учаскелерінің 80%-ы Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына тиесілі, ал қалған облыстардың үлесі -20%", - деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны