05.06.2014, 19:46 2850

Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік ШОБ нысаны жұмыс істейді

Жалпы, Қазақстанда ресейлік компаниялармен бірлесіп 6 млрд. долл. тұратын 50-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. "Осы ретте біздің стратегиялық қарым-қатынасымызды нығайтуда ЕАЭО маңызды механизм болып табылады", деді депутат.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Ишімбаев мәлім етті.

"Ресей өзара жан-жақты әріптестік орнатуда біздің маңызды серіктесіміз болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары белсенді артып келеді. Бүгінде тауар айналымымыз 23,5 млрд. АҚШ долл. құрады. Бізде бірлескен жобаларымыз көп", - деді М. Ишімбаев.

Жалпы, Қазақстанда ресейлік компаниялармен бірлесіп 6 млрд. долл. тұратын 50-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. "Осы ретте біздің стратегиялық қарым-қатынасымызды нығайтуда ЕАЭО маңызды механизм болып табылады", деді депутат.

Бұдан басқа, ол соңғы 5 жылда қазақстанның КЕ мүше елдермен тауарайналымы 88%-ға артты. Ал, одақтас елдерге экспорт көлемі 70%-ға өсті , деп атап өтті.

"Негізі, Қазақстан өзі үшін маңызды елдермен қарым-қатынасын одан ары дамыта бермек", - деп депутат сендірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны