29.12.2009, 18:02 3766

Қазақстанда 8 қаңтар - демалыс күні болмақ

Қазақстанда 8 қаңтар - демалыс күні болмақ

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2010 жылғы қаңтардағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі демалыс күнін 2010 жылғы 10 қаңтар жексенбіден 2010 жылғы 8 қаңтар жұмаға ауыстыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, 2010 жылғы 8 қаңтарда қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай - ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны