26.01.2012, 13:45 4136

Қазақстанда 9 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді

Қазақстан Үкіметі 2012 арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға қажетті жұмыстарды жалғастыратын болады. Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту аймақтардың экономикасына қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, осы аймақтардағы өндірістен жоғары мөлшерде кіріс түсуін қамтамасыз етеді.

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 9 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі 2012 арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға қажетті жұмыстарды жалғастыратын болады. Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту аймақтардың экономикасына қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беріп, осы аймақтардағы өндірістен жоғары мөлшерде кіріс түсуін қамтамасыз етеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 21 шілдесінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару және олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңға қол қойған болатын. Жаңа заң арнайы экономикалық аймақтарға кәсіби басқарушы компанияларды тартуға жол ашады. Сонымен қатар, заң бойынша салық жеңілдіктерінің пакеті анықталды.

Қазақстанда 6 арнайы экономикалық аймақ ойдағыдай дамуға қол жеткізді, атап айтсақ, "Астана - жаңа қала", "Теңізпорт Ақтау", "Ақпараттық технологиялар паркі", "Оңтүстік", "Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк", "Бурабай", сондай-ақ Астана және Қарағанды қалаларындағы 2 индустриялық аймақ.

Мысал келтіре кетсек, "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағында 277 нысан тіркелген. "Теңізпорт Ақтау" экономикалық аймағында 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Ақпараттық технологиялар паркінде" 63 компания тіркелген. "Оңтүстік" аймағында "OxyTextile" және "Хлопкопром-Целлюлоза" компаниялары екі инвестициялық жобаны іске асырды, "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінде" ілгерлі газ-химиялық кешен құрылысының жобасы қолға алынуда.

2011 жылдың соңында Қазақстанда нақты салалық бағыттағы жаңа үш арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қарағанды облысында металлургия және металл өңдеуді дамытуға бағытталған "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы, Алматы облысында көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға бағытталған "Қорғас - Шығыс Қақпалары" арнайы экономикалық аймағы, Павлодар облысында химия және мұнай-химиялық өнеркәсіп саласын дамытуға бағыттылған "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы іске қосылды.

2011 жылдың соңындағы жағдайға сәйкес, арнайы экономикалық аймақтарға 300-ден астам қатысушы тіркелген, өсім - 3 есеге артық. 2012 жылы Қазақстан Үкіметі арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыратын болады, Елбасының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірінде индустриялық аймақтар құрылады.

Арнайы экономикалық аймақ құру өндірісті ынталандырып, тауарларды ішкі нарықтарға шығаруға жол ашады, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құрады. Соның нәтижесінде Қазақстандағы қазіргі жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістер қарқынды дамып, қосымша инвестициялар тартылады және жаңа технологиялар енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны