16.09.2011, 12:30 4559

Қазақстанда адамды клондағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Қазақстанда адамды клондағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженериялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына осындай түзету енгізіледі.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда адамды клондағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда адамды клондағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженериялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына осындай түзету енгізіледі.

"275-2 бап: адамды клондау 2 жыл мермізге белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен немесе онсыз үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады", - делінген жұма күні мәжілісте таныстырылған заң жобасында.

Заң жобасын жасаушы - білім және ғылым министрлігінің нақтылауынша, осы қылмысты топтасып, алдын ала сөз байласып (немесе ұйымдасқан топ) жасау 3 жыл мермізге белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен немесе онсыз 4-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны