16.07.2013, 09:51 5828

Қазақстанда АЭА құру үшін бюджеттің қаражаттың 1 теңгесіне жеке инвестициялардың 3 теңгеден астамы салынған

Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) инфрақұрылымын құруға 400 млрд астам теңге бөлінген, олардың төрттен бір бөлігінен астамын жеке инвестициялар құрайды, деп хабарлады бүгін индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда АЭА құру үшін бюджеттің қаражаттың 1 теңгесіне жеке инвестициялардың 3 теңгеден астамы салынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) инфрақұрылымын құруға 400 млрд астам теңге бөлінген, олардың төрттен бір бөлігінен астамын жеке инвестициялар құрайды, деп хабарлады бүгін индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау ҚР Үкіметі отырысында.

"Жалпы АЭА қызметінің барлық кезеңінде республикалық бюджеттен инфрақұрылым құрылысына 97,0 млрд теңге бөлінген. Жобаға салынған жеке инветициялар 308 млрд теңге сомаға енгізілген, яғни бюджеттік инвестициялардың 1 теңгесіне жеке инвестициялардың 3 теңгеден астамы тиесілі", - деді А.Рау.

ИЖТМ мәліметі бойынша қазақстандық АЭА аумағында 270 млрд. теңге сомаға өнім өндірілген. Сонымен қатар, ол 28 млрд теңгеге жуығы салық түрінде төленгенін, яғни бөлінген қаражаттың шамамен үштен бір бөлігі қайтарылғанын айтты.

Өз кезегінде, А.Рау АЭА жетілдіру шеңберінде аймақ жұмыстары толығымен қайта қаралғанын айтып өтті.

Осылайша, "АЭА туралы" Заң қабылданып, жеңілдіктер тізімі кеңейтіліп, АЭА-ты жекеменшік жерде құру мүмкіндігі қарастырылған, АЭА басқаруға білікті менеджмент тарту мүмкіндігі пайда болды, АЭА инфрақұрылымын дамытуға бюджет қаражатын бөлу артқан, яғни инвесторларға барынша жағымды жағдай жасалған.

Аталған шаралар нәтижесінде соңғы төрт жылда бюджеттен шамамен 44 млрд. теңге бөлінген, яғни бюджетпен салынған қаражаттың шамамен жартысы, жеке инвестицияларға 82 млрд. астам теңге тартылған.

Бұдан өзге, 2009 жылдан бастап АЭА кәсіпорындары 224 млрд. теңгеге өнім өндірген, бұл аймақтардың жұмыс жасау кезеңіндегі жалпы көлемнің 80 % астамын құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны