10.04.2014, 19:26 5961

Қазақстанда ағаш отырғызудың ұлттық күні өтеді

19 сәуір күні "Ағаш отырғызудың ұлттық күні" атты жалпы қазақстандық экологиялық акция өтеді.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. 19 сәуір күні "Ағаш отырғызудың ұлттық күні" атты жалпы қазақстандық экологиялық акция өтеді.

ҚР-да қоғамдық ағаш отырғызу "Тұрақты даму" Жер қорының бастамасымен өтеді, деп ұйымдастырушылар хабарлады. Акцияның мақсаты - ағаштарды сақтау мен қалпына келтіру. Қалалық жасыл аймақтарды абаттандыру, қоғамдық қызығушылықтың қоғамдық дамуы және сақталуы, Қазақстан ормандарын сақтау жобаларына ресурстарды тарту.

"Жасыл" эстафетаны ҚОСРМ Орман және аң аулау шаруашылығы комитеті, қоғамдық ұйымдар мен бизнес еріктілері қолдады.

Ұлттық күн Қазақстаның барлық аймақтарында өтеді. Шараға билік және бизнес өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны