09.11.2009, 16:25 3223

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында полиция қызметкерлерінің қылмыстар туралы азаматтардың арыздарын тікелей қасақана жасыруына қатысты 476 факт анықталды

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында полиция қызметкерлерінің қылмыстар туралы азаматтардың арыздарын тікелей қасақана жасыруына қатысты 476 факт анықталды

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында полиция қызметкерлерінің қылмыстар туралы азаматтардың арыздарын тікелей қасақана жасыруына қатысты 476 факт анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Соңғы уақытта БАҚ-та ішкі істер органдарында қылмыстарды жасыру фактілері туралы жарияланымдар жиі кездесетін болды. Осыған байланысты түсініктемелер бергім келеді",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, "ағымдағы жылдың 9 айында ішкі істер органдарына қылмыстар туралы 498-ге жуық арыз бен хабарлама келіп түсті. Ішкі істер органдары азаматтардың қылмыстар туралы 347,5 мыңға жуық арызы мен хабарламасы бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тартты. Қалғандары бойынша қылмыстық істер қозғалды немесе олар тергелуі бойынша басқа құқық қорғау органдарына жіберілді".

Ресми өкіл атап өткендей, бұл ретте полиция қызметкерлері қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы әрбір шешімді жергілікті прокуратура органдарымен келіседі.

"Алайда кейіннен полиция қызметкерлері қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы бұрын қабылданған және прокуратурамен келісілген бірқатар шешімдерді жергілікті жерлердегі прокуратура органдары түрлі негіздер бойынша күшін жояды және есептен жасырынған қылмыстар деп саралайды. Осылайша, ресми статистика бойынша ағымдағы жылдың 9 айында прокуратура органдары полиция жасырған 3520 қылмысты анықтады. Осы қылмыстардың ішінен 476-сы азаматтардың қылмыстар туралы арыздарын тікелей қасақана жасыру фактісі",- деді Қ.Жұманов.

Оның хабарлауынша, әрбір осындай факт бойынша қызметтік тергеулер жүргізілді, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 15 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, үшеуі сотталды. Жасырылған деп сараланған калған фактілер - ол қылмыстар бойынша уақтылы процессуалдық шешімдер (933) қабылдамау туралы азаматтардың арыздары, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы арыздары (негізгі бөлігі - 2018) болып табылады.

"Басқаша айтқанда, азаматтардың барлық арыздарын полиция тіркейтінін атап өткім келеді. Бірақта олар бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдер қабылданды. Осы шешімдердің күшін жойғаннан кейін олар есептен жасырылған қылмыстар деп ескеріледі. Осы орайда Ішкі істер министрлігінің мынадай ұстанымдарын атап көрсеткім келеді: Біз есепке алу-тіркеу тәртібіне ведомстволық бақылауды күшейттік. Бас прокуратурамен бірлесіп, таяуда Қостанай, Алматы облыстарын тексерсек, қазіргі уақытта Маңғыстау облысын тексеріп жатырмыз. Біз қылмыстарды жүз пайыз тіркеудің ашық және қатаң саясатын жүргізудеміз. Сонымен қатар қылмыстар туралы әрбір арызды, азаматтардың әрбір хабарламаларын тіркеуді және есепке алуды жолға қойып отырмыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Біріншіден, бұл азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болса, екіншіден, бұл бізге қылмыстың нақты сипатын білуге және оның алдын алуға, барлық қылмыстарды ашу бойынша пәрменді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді",- деді ол.

"Осы мақсатта біз бөліністердің қызметіне объективті баға береміз, сондай-ақ қылмыстар санын негізсіз өсіруді талап етпейміз. Ішкі істер органдарының басшыларын заңдылықты бұзып, қылмыстарды жасыру арқылы оларды ашу пайызын көзбояушылықпен көбейтуге мәжбүрлеуге жол берілмейді",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны