28.10.2009, 15:48 3092

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады - қаржы полициясы

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары аталмыш салада 167 қылмыстық іс қозғады, бұл былтырғы жылдың осу кезең көрсеткіштерінен 88%-ға артық. 95 қылмыстық іс сотқа жіберілді",- деді ол.

Жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, бұндай қылмыстардың негізгі бөлігін мұнай өнімдерін сақтау және сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік фактілері құрайды.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы жанар-жағар май стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сатумен негізінен жеке кәсіпкерлер айналысатынын растайды.

Жанар-жағар майды коммерциялық ұйымдардың басшыларының заңсыз сақтау және сату фактілері де анықталды.

Қаскүнемдердің газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланудан алатын заңсыз табысы миллиондаған соммаларды құрайды.

Кейбір қаскүнемдер арнайы лицензиясыз жанар-жағар май өнімдерін заңсыз сақтауға алу бойынша қызмет көрсетіп заңсыз табыс алады.

Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны