28.10.2009, 16:01 3415

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады (толықтырылған)

"Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары аталмыш салада 167 қылмыстық іс қозғады, бұл былтырғы жылдың осу кезең көрсеткіштерінен 88%-ға артық. 95 қылмыстық іс сотқа жіберілді",- деді ол. Жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айында жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары аталмыш салада 167 қылмыстық іс қозғады, бұл былтырғы жылдың осу кезең көрсеткіштерінен 88%-ға артық. 95 қылмыстық іс сотқа жіберілді",- деді ол.

Жанар-жағар майдың заңсыз айналымынан түскен заңсыз табыс 72 млрд 22 млн теңгені құрады.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, бұндай қылмыстардың негізгі бөлігін мұнай өнімдерін сақтау және сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік фактілері құрайды.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы жанар-жағар май стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сатумен негізінен жеке кәсіпкерлер айналысатынын растайды.

Жанар-жағар майды коммерциялық ұйымдардың басшыларының заңсыз сақтау және сату фактілері де анықталды.

Қаскүнемдердің газ-мұнай құбырларын заңсыз пайдаланудан алатын заңсыз табысы миллиондаған соммаларды құрайды.

Кейбір қаскүнемдер арнайы лицензиясыз жанар-жағар май өнімдерін заңсыз сақтауға алу бойынша қызмет көрсетіп заңсыз табыс алады.

Мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару мемлекетке айтарлықтай залал келтіруде. Шикі мұнайдың контрабандасы фактілерімен жылдың басынан қозғалған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2 млрд 481,5 млн теңгені құрады.

Мәселен, Оңтүстік-Қазақстан облысында 2 жыл бас бостандығынан шартты айыруға жеке кәсіпкер М. Зуфаров сотталды. Ол тиісті лицензиясыз "Наби Ата" жанар-жағар май стансасында мұнай өнімдерін сату және сақтаумен айналысып, 24,5 млн теңге заңсыз табыс алған, деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, қаржы полициясы органдарының статистикасы жанар-жағар май стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сатумен негізінен жеке кәсіпкерлер айналысатынын растайды.

"Қарағанды облысында жеке кәсіпкер Ш. Цокаев сотпен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Ол Киевка кентіндегі жанар-жағар май стансасында Аи-93 маркасының бензинін сақтау және сату бойынша заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырып, 58 млн теңге заңсыз табыс алған",- деді ресми өкіл.

"Атырау облысында "Oil Le Roy" ЖШС директоры А. Горяев қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Ол Құрманғазы ауданының Дәулеткерей және Орлы ауылдарындағы жанар-жағар май стансаларында мұнай өнімдерін заңсыз сату арқылы 33 млн теңге табыс алған",- деді қаржы полициясының өкілі.

Оның хабарлауынша, кейбір қаскүнемдер арнайы лицензиясыз жанар-жағар май өнімдерін заңсыз сақтауға алу бойынша қызмет көрсетіп заңсыз табыс алады.

"Мәселен, Қарағанды облысында "Жихан Ойл" ЖШС директоры Е. Швецов қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Ол мұнай өнімдерін сақтау объектілерін заңсыз пайдалану арқылы 73 млн теңге заңсыз табыс алған",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны