Система Orphus

Қазақстанда ағымдағы жылы экстремистік идеологияның кіруіне сенімді кедергілер қойылды

24.12.2008, 16:36 2580

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы экстремистік идеологияның кіруіне сенімді кедергілер қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "нақтылай қабылданған шаралар нәтижесінде республика аумағында террористік оқиғаларға жол берілмеді. Кейбір тұлғалардың ауыр қылмыс жасауға деген пиғылдары ертерек анықталды".

"Экстремистік идеологияның Қазақстанға кіруіне сенімді кедергілер қойылды. Бұған діндарлар арасында радикалды идеяларды таратушы кейбір шетелдік орталықтардың қылмыстық пиғылдарының әшкереленгендігі мысал бола алады. Республикада "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік партиясының қызметін жандандырмақ болған әрекеттердің жолы кесілді",- делінген хабарламада.

ҰҚК ақпаратына сәйкес, сырттан келетін эмиссарлардың арнасына, жүру жолдарына кедергілер қою, жедел іздестіру қызметінің пәрменділігін арттыру секілді шаралар біздің азаматтарды олардың ықпалынан қорғауға айтарлықтай әсер етті.

Шетелдік арнаулы қызметтермен ынтымақтастықты арттыру еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізді.

ҰҚК Террорға қарсы орталығы терроризмге қарсы күрестің қосымша құқықтық негіздерін қалыптастырды. Парламентке "Терроризмге қарсы тұру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды. Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы Халықаралық конвенция және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында қабылданған 4 келісім ратификацияланды. "Түркістанның исламдық партиясы" сот арқылы шетелдік террористік ұйым ретінде танылып, ел көлемінде оның қимылына тыйым салынды. Ведомствоаралық 5 нормативтік құқықтық актілер басылды.

Террористік қатерге ықпал ететін пәрменді механизм жасалды. Нақтылай жағдайға бейімделген 149 террорға қарсы оқулар мен жаттығуларда практикалық тәсілдер пысықталды, оның ішінде халықаралық "Атом-Антитеррор-2008" оқуы да бар.

"ШЫҰ Аймақтық антитеррорлық құрылымы, ТМД және ҰҚШҰ Антитеррорлық орталықтары аясындағы біріккен іс-шараларды ақпараттандыру мен өткізудің өзара механизмдері жемісті жұмыс жасауда. БҰҰ, ЕҚЫҰ террорға қарсы күрес комитеттерімен, сондай-ақ таяу және алыс шетелдің террорға қарсы құрылымдарымен байланыс нығайтылды. Қытай жағына Пекиндегі 2008 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздік мәселелеріне көмек көрсетілді. ҰҚК мен мемлекеттік органдардың сарапшыларын шетелдік оқу орталықтарында дайындау ұйымдастырылды",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны