14.12.2007, 17:07 3257

Қазақстанда ағымдағы жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың АҚШ долларын құрайды - президент

Қазақстанда ағымдағы жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың АҚШ долларын құрайды - президент

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 7 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Мемлекет басшысы "2000 жылдан бері еліміздің экономикасы жыл сайын Жалпы ішкі өнімнің 9-10-проценттік өсу қарқынымен өсіп келе жатқанын" еске салды.

Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен банк жүйесіндегі депозиттер 3,5 трлн теңгені құрайды.Отандық зейнетақы жинақтаушы қорлардағы жинақтардың өсімі 1,1 трлн теңгеден асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны