26.05.2015, 13:13 3543

Қазақстанда әйелдер обырдан емделгеннен кейін де дүниеге бала әкеле алады

Репродуктивтік медицина институтында обырға шалдыққан 3 әйелге репродуктивтік денсаулығын қалпына келтіру оталары сәтті жасалды. Емдеу шаралары біткеннен кейін олар балалы бола алады

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Репродуктивтік медицина институтында обырға шалдыққан 3 әйелге репродуктивтік денсаулығын қалпына келтіру оталары сәтті жасалды. Емдеу шаралары біткеннен кейін олар балалы бола алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Онкологиялық науқастардыӊ аналық безі тіндерін криоконсервациялау оталарыныӊ өзектілігі сонда, соӊғы жылдары репродуктивтік функцияларын табысты іске асыра алмаған жас әйелдерде қатерлі ісік ауруларын анықтау жағдайлары арту түсуде.

Обырды емдеуде қолданылатын химиотерапия, сәулелік терапия сияқты әдістер гонадотоксикалық әсер етеді. Ийелдер бала көтере алмай, бедеулік пайда болады.

Инновациялық әдістерді ендіру үшін Репродуктивтік медицина институтына Жапонияныӊ университеттік клиникасынан мамандар шақырылды. Аналық безі тінінен лапароскопиялық алу және криоконсервациялау шараларын жапондық профессорлар қазақстандық мамандармен бірге атқарды. Операция химиотерапия алуы тиіс 3 әйелге жасалды.

Ерітілген аналық безі тінініӊ аутотрансплантациясы онколог-дәрігерлердіӊ қорытындысына сәйкес әйелдерді сауықтыру үшін жасалады.

Отандық хирургтермен бірге ота жасаған профессор Нао Сузуки: "Химия-сәулелік терапиямен емдеуден кейін болуы ықтимал зардаптар және репродуктивтік функцияларды сақтау әдістері жөнінде науқастарға айту - онколог-дәрігерлердіӊ парызы. Бүгінгі таӊда медицина жаӊа шешімдер ұсынуға қауқарлы. Қазақстанныӊ бұл салада көштен қалмай келе жатқаны қуанышты",-деді.

Репродуктивтік медицина институтыныӊ директоры Тамара Жүсіпәлиева өз кезегінде: "Онкологиялық науқастарға репродуктивтік функцияларын, дүниеге бала әкелу қабілетін сақтауға көмектесу біздіӊ міндетіміз. Қазақстанда мұныӊ шындыққа айналғаны бізді қуантады. Біздіӊ институтта онкологиялық науқастарға мұндай көмек тегін көрсетіледі. Жоба тек қайырымдылық мақсатында іске асырылады".,-деді.

Бельгияда Ходжкин лимфомасынан толық емделіп шыққан әйелге 6 жылдан соӊ ерітілген криоконсервацияланған аналық безі тіндерін қайта салғаннан кейін алғашқы бала 2004 жылы дүниеге келді. Бұл әдісті қолдану арқасында бүгінгі дейін 40 бала туылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны