18.04.2014, 19:08 2730

Қазақстанда аймақаралық онкологиялық орталықтар ашылады

Онкологиялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы ең заманауи құралдармен жабдықталған 5 өңіраралық онкодиспансер құрылады.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Онкологиялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы ең заманауи құралдармен жабдықталған 5 өңіраралық онкодиспансер құрылады. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айткүл Самақованын төрағалығымен өткен "Нұр Отан" партиясы фракциясының отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлімдеді.

Семей қаласында қалқанша, ұйқы және басқа без ауруларына шалдыққан науқастар халықаралық стандарттар мен хаттамалар бойынша емделетін Радионуклидтік терапия орталығы ашылады.

Барлық онкологиялық орталықтар сәулелі терапияның заманауи аппараттарымен, жоғары сезімтал диагностикалық құралғылармен жабдықталады.

Осы шаралардың барлығы онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу сапасын едәуір жақсарту және аурулардың өмір сүруін ұзартуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, скринингтерден және жыл сайынғы профилактикалық тексерулерден өтуде тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін ерте диагностикалауды қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті Вице-министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны