28.02.2007, 13:42 3494

Қазақстанда аймақтық және әлемдік энергетикалық кеңістіктегі еліміздің алар орнын нығайтудың бірыңғай стратегиясының жобасын жасау қажет - президент

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. "Қазақстанда аймақтық және әлемдік энергетикалық кеңістіктегі еліміздің алар орнын нығайтудың бірыңғай стратегиясының жобасын жасайтын уақыт жетті". Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәлімдеді деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осыған байланысты елімізде энергетика мен мұнайхимиясын дамыту, энергетикалық өнімдердің қосымша құнын арттыру арқылы осы секторлардың пайдасын арттыру - басты мақсат",- деп санайды президент.

"Мұнайхимиясының басымдық берілген салаларын, газ ресурстарын, экспортқа шығаратын дәліздерді басқару айрықша тиімді болуға тиіс. Бұл рынок қатысушыларына, соның ішінде бірінші кезекте энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "Самұрық" мемлекеттік холдингіне қойылатын талап",- деді Елбасы.

Ол сонымен бірге Қазақстанның жауапты әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізуді одан әрі жалғастыра беретінен еркше атады. "Бұл жерде біз бірінші кезекте өзіміздің ұлттық мүддемізді ескеру негізінде Қазақстан энергетикалық қорларын сатып отырған халықаралық әріптестеріміздің мүддесінің тұрақтылығы, болжамдылығы мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін боламыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны