26.09.2008, 18:07 3056

Қазақстанда "Алдаспан-2008" атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери оқу-жаттығулары өтеді

Қазақстанда "Алдаспан-2008" атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери оқу-жаттығулары өтеді

Астана. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Алдаспан-2008"атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда қыркүйектің аяғында "Алдаспан-2008"атты Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оперативтік-тактикалық, командалық -штабтық оқу-жаттығулары өтеді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығуларға Қазақстанның Қарулы Күштерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басқарушы органдары мен республиканың аэроұтқыр әскерлері, РФ Искери-әуе күштерінің бас қолбасшылығының оперативтік тобы, Су-25 звеносы мен РФ Қарулы күштері Бас штабы бас басқармасының арнаулы тобы қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны