20.10.2017, 18:40 6526

Қазақстанда әлеуметтік қызметтер жүйесін әрі қарай дамыту тұжырымдамасы әзірленді

ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қызмет көрсетудіӊ атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптыӊ өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне көшу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаӊа замандағы әлеуметтік қызмет көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру мәселесінде мемлекет пен отбасыныӊ және азаматтыӊ ынтымақтаса қимылдауын көздеп отыр.

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қызмет көрсетудіӊ атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптыӊ өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне көшу жоспарланып отырғанын хабарлады.

"Елбасы өзініӊ Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, әлеуметтік қызмет көрсету ауқымы мен көлемін кеӊейту, сапасын арттыру мақсатында кепілдендірілген және қосымша қызметтер тізімін жасап, заӊнама жүзінде бекіту, сондай-ақ, оны ұсыну тәртібіне өзгерістер енгізу қажет", - деді спикер кіріспе сөзінде.

Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі бағыттарды қамтитын жаӊа Илеуметтік қызметтер жүйесін әрі қарай дамыту тұжырымдамасын әзірледі:

- ауылдағы қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету. Себебі бүгінде үкіметтік емес ұйымдар негізінен қалаларда жұмыс істеуде. Бұл түйткілді тарқату үшін жеке секторды тарту көзделуде.

- жеке секторды тартуға қатысты қызметтер тарифі мен стандарттарды қайта қарастыру. Бұл қағидаттар мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, үкіметтік емес ұйымдардыӊ нақты шығындарын ескере отырып жасалмақ.

Нарықтағы бәсекелестіктіӊ күшеюі арқасында, министрлік көрсетілетін қызметтердіӊ сапасы көтерілетінін болжауда. Осыған қатысты жаӊа стандарттар жасалып, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі қайта сүзгіден өтпек. Бұдан тыс, қаржыландыру тетігініӊ өзгеруі арқасында, еӊбекақыны ұлғайту мәселесі көтерілуде.

Жаӊа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек

2017 жылдыӊ 1 қазанындағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 161,7 мыӊға жетті, бұл өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудіӊ белсенді шараларына 32,5 мыӊ адам тартылды.

Атап өткен жөн, есептік мезгілде 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстер мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 276 маман біліктілікті көтеру бойынша қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.

Жобаға атсалысу нәтижесінде, қатысушылардыӊ жан басына шаққандағы кірісі 3,1 есеге өсті.

Еске сала кетсек, "Өрлеу" пилоттық жобасы - бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларыныӊ кешені. Аталған жоба атаулы әлеуметтік көмектіӊ (әрі қарай - АИК) жаӊа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталып отыр.

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан іске асатын жаӊа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деӊгейініӊ 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.

Жаӊа сипаттағы АИК әлеуметтік көмекті алушылардыӊ әлеуметтік жауапкершілігін күшейтіп, жұмысқа орналасуға, жақсы өмір сүруге ынтасын күшейтпек. Сәйкесінше аз қамтылған азаматтардыӊ ел экономикасы мен қоғамға етене араласуына мүмкіндік туады.

Зейнетақы жүйесініӊ жаӊғыруы

Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудыӊ жаӊа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда.

"Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еӊбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарыныӊ түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еӊбек өтілі назарға алынатыны болжануда", - деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Мұндай әдіс, 30-40 жыл еӊбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мыӊ теӊгені көрсетсе, 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен зейнеткерлердіӊ аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мыӊ теӊгені иемденетін болады.

10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еӊбек өтілінде базалық зейнетақы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заӊда айқындалғандай, 33 жылды еӊсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деӊгейініӊ толық 100% көлемін қамтымақ.

Светлана Жақыпованыӊ айтуынша, Үкіметтіӊ әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді.

"Мәселен, бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Нәтижесінде 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 466 теӊгені, еӊ төменгі зейнетақы 31 245 теӊгені құрады.

Келесі жылы ынтымақты зейнетақыны болжамды инфляция деӊгейінен 2 пайызға жоғары көтеру жоспарлануда.

Сонымен бірге, еӊ төменгі күнкөріс деӊгейі құрылымын қайта қарастыру мен оны келесі жылы 16 пайызға өсірумен қатар, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша да жәрдемақы мөлшері көбейтілетін болады. Бұл аталған жәрдемақы түрлерін алушы 570 мыӊ адамға қатысты дүние", - деп түйіндеді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны