02.12.2009, 18:59 3676

Қазақстанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар жыл санап өседі - президент

Қазақстанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар жыл санап өседі - президент

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар жыл санап өседі. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге бағытталған "Парыз - 2009" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жылдың басында мен Қазақстан халқына арнаған жолдауымда біздің таяу жылдарда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындарды төмендетуді жоспарлап отырған жоқпыз, керісінше, жыл санап оны көтеретін боламыз деп мәлімдедім", - деді Н. Назарбаев.

"Менің тапсырмаларымның барлық бөліктері сақталып қалады, зейнетақы, түрлі жәрлемақылар мен бюдеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру талаптары сақталады", - деді президент.

Сондай-ақ өз сөзінде президент қазіргі дағдарысқа қарамастан, елімізде 400 жаңа жұмыс орнының ашылғандығы жайында айтып, еңбек қатынастары саласында 8 мыңға жуық меморандумның рәсімделгенін жеткізді. "Бұл құжаттар 1 млн астам жұмысшының еңбек құқықтарын қорғауда. Биылғы "Жол картасының" тиімділігін ескере отырып, осы ауқымды жобаны жалғастыру жөнінде шешім шығарылды. Бұл мақсаттарға 100 млрд республикалық және 50 млрд теңге жергілікті бюджеттерден бөлінеді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Бүгінде барлық бизнес құрылымдарының қоғам игілігі үшін қызмет ететін кезі келді. Мемлекеттің дамуына өз үлесін қосып жатқан кәсіпкерлерді қолдау қажет. Осының нәтижесінде қазақстандықтардың үйіне құт-береке әкеліп, халықтың әл-ауқатын және жалпыұлттық құндылықтарды арттыратын бизнес құрылымдарына сенім күшеюі тиіс. Осы орайда "Парыз - 2009" байқауының маңызы зор", - деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны