08.07.2014, 20:39 3943

Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды

Қазақстанда алғаш рет экологиялық "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" дәлізі құрылды. Оның жалпы ауданы 2 млн гектарға жетееді, деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда алғаш рет экологиялық "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" дәлізі құрылды. Оның жалпы ауданы 2 млн гектарға жетееді, деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

"Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай табиғи қорығы мен "Алтын дала" (Қостанай облысы) аумағын қамтиды. Оны құрудағы мақсат киіктерді табиғи көші-қон жолдарымен қорғау үшін кеңістік байланысын орнату мен олардың бетпақдаладағы санын арттыру болып табылады", - дейді ведомства.

Айта кету керек, экологиялық дәліз құру барысында далалық экожүйе, жер, климат пен киіктерді спутниктік бақылау мәліметтерін пайдалану жағдайы ескерілді. Ғылыми мәліметтер сараптамасы мен картографиялық мәліметтер экологиялық дәліз аймағын анықтауға мүмкіндік береді.

"Аталмыш жұмыс Жаһандық экологиялық қор, БҰҰ ДБ мен ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық комитетінің бірлескен жобасын іске асыру аясында өткізілді. Ондағы мақсат далалық экожүйені сақтау мен тұрақты басқаруды қамтамасыз ету. Жүргізілген жұымстар нәтижесінде далалық экожүйе алаңы 2,4 млн-нан 4,8 млн-ға дейін артты", - делінген хабарламада.

Қазірге дейін, қолда мәліметтер бойынша, бетпақдаладағы киіктер саны 216 мың басты құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны