06.06.2018, 20:29 4197

Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі

"Коммерциялық емес ұйымдар қызметініӊ мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊы жобасыныӊ шеӊберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - "Коммерциялық емес ұйымдар қызметініӊ мәселелері жөніндегі кейбір заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊы жобасыныӊ шеӊберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесі енгізіледі. Заӊ жобасы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентініӊ Сенатында қабылданды.

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бағалауды жүргізудіӊ механизмдері сипатталатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды бақылау және нәтижелерін бағалау ережелері пысықталуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау дегеніміз -мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеӊберінде жобаларды іске асырудан алынған нәтижелерді талдау. Ол жобаныӊ тиімділігін анықтау, тұрғындардыӊ қызметтердіӊ сапасына қанағаттану деӊгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау жоба аяқталғаннан соӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру есептері мен бақылау нәтижелерініӊ негізінде өткізілетін болады. Жобалар өзектілік, жоспардыӊ орындалуы, жобаныӊ нәтижесі, қызметтіӊ жалғасу мүмкіндігі, ұзақмерзімді оӊ әлеуметтік нәтиже мүмкіндігі және т.б. сияқты арнайы пысықталған критерийлер бойынша сарапшылар кеӊесімен бағаланады.

Аталған кеӊестер әлеуметтік жобалар іске асырылатын бағыттар бойынша тәжірибесі, растайтын сертификаттары бар мамандар қатарынан қалыптасатын болады.

Сонымен қоса, сарапшылар бағалауыныӊ қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау жобаларына қоғамдық талқылау өткізу және оныӊ есебін мемлекеттік органныӊ ресми сайтында жариялау жоспарлануда.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жобаларды бағалау жүйесін дайындау кезінде халықаралық тәжирибе зерттелді деп хабарлайды. Осындай жүйе Ұлыбританияда, Канада мен Хорватияда қолданылады, оларда әлеуметтік жобаларды іске асыру кезіндегі міндетті шарты - тұрғындарғатигізетін әсері мен нәтижесі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жүйесін енгізу үшін Министрлік "Азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы" ЗТБ бірлесіп, бекітілген меморандумныӊ шеӊберінде іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.

Сонымен, а.ж. 14-18 мамыры аралығында интерактивті түрде мемлекеттіӊ барлық аймақтарыныӊ ҮЕҰ қатарынан маман-кеӊесшілер пулын дайындау бойынша оқыту курсыныӊ бірінші кезеӊі өткізілді. А.ж. маусымы мен қыркүйегі арасында даярланған маман-кеӊесшілер аймақтарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеӊберінде іске асырылған ҮЕҰ жобаларына бағалау өткізеді.

2018 жылғы қарашаға жоспарланған оқыту курсыныӊ екінші кезеӊінде өткізілген жұмыстыӊ нәтижелері мен әлеуметтік жобаларды бағалаудыӊ механизмдерін ары қарай жетілдіру мәселелері қарастырылатын болады.

Оқыту курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік жобаларды бағалау жөніндегі кеӊесші сертификаттары табысталады.Сертификатталған кеӊесшілер бұдан кейін сарапшылар кеӊестерініӊ мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау бойынша оқыту мастер-класстарын өткізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалаудыӊ алдын ала нәтижелері бойынша есептік презентация а.ж. қарашада Астанада өтетін Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумы барысында өткізіледі деп жоспарлануда.

Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыӊ тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік ҮЕҰ бірлесіп, ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органдардыӊ өкілдеріне оқыту семинарларын өткізуді жоспарлауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны