08.02.2018, 16:17 5274

Қазақстанда алғаш рет сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша жоба менеджменті қолданылады

Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана - адалдық алаӊы" бірлескен жобасын жүзеге асырады

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана - адалдық алаӊы" бірлескен жобасын жүзеге асырады.

7 ақпан күні әкімдікте қала әкімі Исет Исекешев және Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтыӊ жоба жарғысына қол қою рәсімі өтті. Бұл шараға министрліктердіӊ жауапты хатшылары, департаменттер, қала басқармалары басшылары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Исет Исекешев атап өткендей, соӊғы жылдары елордада құқық тәртібін арттыру және тұрғындар мен қонақтар үшін жағдай жасауда белсенді инновациялық тәсілдер іске асырылып келеді. Бүгінде Астана басқа да Қазақстан аймақтары үшін лайықты "ақылды қала" үлгісі болып отыр.

Өз сөзінде Алик Шпекбаев, сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендетуде қала әкімдігініӊ елеулі үлесін атап өтіп, жемқорлықпен күрестіӊ әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіру қажеттігін баса айтты.

Бұл жоба азаматтардыӊ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын күшейтіп, қоғамда жемқорлыққа қарсы ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Ол үшін не істеу ұсынылады?

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ сапасын көтеру;

- тұрмыстық жемқорлықтыӊ жолын кесу;

- азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдай жасау;

- мемлекеттік органдар қызметініӊ ашықтығын және кеӊ көлемді қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Жоба сонымен бірге жемқорлықтыӊ факторы ретіндегі адами қажеттілікті жою үшін мемлекеттік қызметшілерді қолайлы еӊбек ақымен қамтамасыз ету, қызметтіӊ барлық бағыттары бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларыныӊ дербес жауапкершілігі мәселелерін қарауға бағытталған.

Сонымен қатар, "Астана - адалдық алаӊы" жобасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаӊа әдістер енгізу мақсатында жоба менеджменті қолданылатын болады.

Ол мақсатта, жоба аясында Астана қаласы әкімдігініӊ және Агенттіктіӊ қалалық Департаменті қызметкерлері қатарынан жоба кеӊсесі құрылған.

Жоба кеӊсесініӊ жетекшісі Ж. Жылқышиева сөз сөйлеу барысында Астана тұрғындарына мемлекеттік органдардыӊ қызметін жақсарту және сыбайлас жемқорлықтыӊ деӊгейін төмендету бойынша өздерініӊ ұсыныстарын енгізуге мүмкіндіктері бар екендігін жеткізіп, үндеу тастады.

Спикер жоба кеӊсесінде арнайы электрондық пошта [email protected], сондай-ақ, Whats'app +7775 160 55 32 нөмірі қосылғаны туралы атап өтті.

Ниет білдірушілер Бейбітшілік көшесі 11, 101-каб. мекен-жайында орналасқан жоба кеӊсесіне келуіне болады.

Сондай-ақ жұмыс барысында туындаған мәселелерді қарау үшін кәсіпкерлер, ғалымдар, азаматтық сектордыӊ және БАҚ өкілдері арасынан сарапшылар тартылған.

Ұйымдастырушылардыӊ ақпараты бойынша, жоба Астана қаласында іске асырылады, кейіннен қалған аймақтарда іске қосылады.

Агенттіктіӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны