16.06.2014, 19:13 2078

Қазақстанда алғаш рет желкенді кеме жарысынан Илем чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғаш рет 2014 жылдың 15 және 22 маусым аралығында "Балқаш - 2014" деген атпен құрастырылатын және үрленетін желкенді кеме жарысы бойынша Илем чемпионаты өтеді, деп ҚР Дене шынықтыру және спорт агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда алғаш рет 2014 жылдың 15 және 22 маусым аралығында "Балқаш - 2014" деген атпен құрастырылатын және үрленетін желкенді кеме жарысы бойынша Илем чемпионаты өтеді, деп ҚР Дене шынықтыру және спорт агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балқаш өзенінде үздік яхташы деген атқа ТМД елдерінен келген спортшылар таласатын болады. Жалпы, чемпионатта 50-ге жуық кеме немесе Ресей, Украина, Өзбекстан, Балтық жағалауы мен Қазақстанның 200-ден астам спортшылары бақ сынайды. Ал, жарыс жолағының ұзындығы 325 шақырым.

Сонымен қатар, жарыстың тарихында алғаш рет биыл "Monella" әйелдер құрамасы өнер көрсетеді. Ол Қазақстанның абыройын қорғамақ.

Желкенді кеме - ол заманауи яхташылардың кемені басқару бойынша жарысатын сайыстың бір түрі. Айта кетерлік жайт, спортшылар бұл кезде тек өзінің кемені басқару қабілетіне және желге жүгіне отырып жарысады. Спортшылардың кемелері құрастырылатын немесе үрленетін болып келеді. Кемелердің құрастырылатын болып келуі оларды тасымалдау кезінде айтарлықтай қолайлы. Алайда, осыған қарамастан олар ашық теңізде жүзуге өте шыдамды, әрі оған 10 адам сыяды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны