07.06.2007, 11:57 1664

Қазақстанда алғашқы АЭС Батыс Қазақстанда салынады - ҚР президенті

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда алғашқы АЭС Батыс Қазақстанда салынады. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада интернет тұтынушыларымен болған интернет-конференция барысындағы сұрақтарға жауабында атап көрсетті.

"Бүкіл әлемде альтернативті энергия көзін табуды ойланып жатырмыз. Ғалымдар осы мәселемен шұғылданып жатыр. Мұнай бағасы өскен сайын кейбір мемлекеттерге ол пайдалы да шығар. Мұнайдың, газдың бағасы өскен сайын тауарлардың да бағасы көтеріледі. Сондықтан оны жоғары бағаға сатып алуға мәжбүрміз. Ядролық электростанцияларын салу жоспарда бар. Ең алдымен біз Батыс Қазақстанда саламыз ба деп ойлап отырмыз. Себебі газдың бағасы жоғары. Газды сыртқа шығарып сатқан жөн",- деді президент.

"Біз дүние жүзіндегі уранды өндіру жөнінен 2-3 орындамыз. Бұл мұнай мен газдан да бағалы болып шығады. АҚШ-тың өзінде 200-ге тарта блок салатын жоспарлар құрылып отыр. Екінші жел мәселесі. Желдің күшін пайдалану, күннің сәулесін пайдалану үшін Жоңғар қақпасы жотасында 5 мегаваттық электростанция салынып жатыр. Қарағандыда керамика - металлургия зауыты салынып жатыр. Бұл Күннің энергиясын пайдаланып батареялар жасауға пайдаланылуда",- деді Н.Назарбаев.

"Жел күші арқылы энергия алудың өзіндік құнының құбылуы жергілікті жердің жел күшіне, салық заңнамасына, мемлекеттік қолдау шараларына және басқа да өлшемдерге байланысты екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, Германияда жел станцияларынан алынған энергия құны 1 кВт/сағатына 9 цент, АҚШ-да - 6 цент, Ұлыбританияда - 13-14 цент. Біздегі бағасы 2 теңге. Баға өскен сайын, пайдасы көбейген сайын сол жүйені жасайтын компаниялардың да қаражаты көбейе береді. Ирине мамандарға аталған мәліметтерге және олардың нәтижелеріне экономикалық және техникалық сараптама жүргізіп, электр энергетикасының осы түрлерін дамыту қажеттілігі жөнінде шешім қабылдау қажет",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны