18.07.2014, 19:22 3584

Қазақстанда алғашқы заңдастыру 2001 жылы өткізілді

2006-2007 жылдардағы заңдастыруда тек қаражат емес, сонымен қатар жылжымайтын және жылжымалы мүлікті де қамтыды. Аталмыш ерекшелікті ескере отырып және мерзімнің ұзартылуына орай науқан барынша ұзақ мерзімді қамтып, бір жылдан астам уақытта жүзеге асырылды.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасындағы қаражатты заңдастыру шарасы 2001 жылдың 14 шілдесі мен 14 тамызы аралығында өткізілді. Оны жүргізу мерзімі мен тәртібі 2001жылдың 2-інші сәуіріндегі ҚР "Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың қаражатын заңдастыруға орай рақымшылық жасау туралы" Заңымен реттелді. Заңдастыру Қазақстан азаматтарының екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшотқа қаржы аудару уақытын енгізу арқылы бір реттік науқан ретінде өткізілді, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Аталмыш Заңға сай, заңдастыру шаралары қаражатты заңдастырған банк есепшотының арнайы мәліметтер өзгерісін растайтын құжатты екінші деңгейлі банктің беретінін растаумен жүзеге асырылады. Заң арқыы заңдастырушы тұлғаның заңдастыратын ақшасынан салық алынбайтыны мен тиісті жауапкершілікке тартылмайтыны кепілдендіріледі.

Рақымшылық нәтижесінде шамамен Қазақстанның 3 мың азаматы 480 млн доллар көлеміндегі қаражатты заңдастырды.

2006-2007 жылдардағы заңдастыруда тек қаражат емес, сонымен қатар жылжымайтын және жылжымалы мүлікті де қамтыды. Аталмыш ерекшелікті ескере отырып және мерзімнің ұзартылуына орай науқан барынша ұзақ мерзімді қамтып, бір жылдан астам уақытта жүзеге асырылды.

Оны өткізу тәртібі2006 жылдың 5-інші шілдесіндегі ҚР "Мүлікті заңдастыру бойынша рақымшылық жасау туралы" Заңымен реттеледі. Заң нормаларына сай мүлікті заңдастыратын азаматтар мен заңды тұлғалар жекелеген қылмыстар жасағаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылығы үшін және тәртіп бұзушылығы үшін жауапкершіліктен босатылды. 2006 жылғы Заңға сай, мүлтікті заңдастырғаны үшін мүлік құнының 10 пайыздық жинағы алынды.

Жүргізілген науқан нәтижесінде 844,7 млрд теңгенің (2006 жылғы ЖІӨ-нің 8,3 пайызы) мүлкі заңдастырылды. Соның ішінде 538,4 млрд теңге қаражат пен 236,2 млрд теңгенің жылжымайтын мүлігі.

Сол кезде республикалық бюджетке 59,6 млрд теңге түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны