01.04.2010, 14:48 3656

Қазақстанда алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың жаңаша үлгідегі маркировкасы енгізілді

Қазақстанда алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың жаңаша үлгідегі маркировкасы енгізілді

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың жаңаша үлгідегі маркировкасы енгізілді. Бұл туралы ҚР үкіметінің 2009 жылдың 8 желтоқсанындағы №2041 "Алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың жаңаша үлгідегі маркировкасына қатысты кейбір мәселелер туралы" қаулысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 653-ші бабына сәйкес Қазақстан үкіметі 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап шарап материалдары мен сырадан басқа алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың отандық өндірістің және сырттан әкелінетін алкогольдік өнімдердің жаңаша үлгідегі маркировкасын енгізу жөнінде қаулы шығарады", - делінген үкіметтің қаулысында.

2007 жылдың 15 сәуірінде енгізілген ескі маркировканы, алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың жаңаша үлгідегі маркировкасынсыз пайдалануға 2010 жылдың 31 мамырына дейін рұқсат беріледі. Үкіметтің қаулысына сәйкес "2010 жылдың 1 желтоқсанына дейін заңнамада белгіленген тәртіппен алкогольді өнімдерді есепке алу мен бақылаудың 2007 жылдың 15 сәуірінде енгізілген ескі маркировкасымен таңбаланғандарды жаңасына алмастыруды іске асыру тапсырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны