22.05.2014, 20:43 3319

Қазақстанда ана өлімі 3 есеге төмендеді- Г.Ибдіхалықова

Бүгін VII АЭФ аясында өтіп жатқан "G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдің ролі" әйелдердің халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова "Қазақстанда 2007 жылдан бері ана өлімі 3 есе төмендеді", деп хабарлады.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін VII АЭФ аясында өтіп жатқан "G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдің ролі" әйелдердің халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалықова "Қазақстанда 2007 жылдан бері ана өлімі 3 есе төмендеді", деп хабарлады.

"Біз ана өлімін төмендету саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткіздік. 2007 жылдан бастап ана өлімі 3 есе, 2008 жылдан бастап бала өлімі 1,5 есе азайды. Алайда, біздің алдымызда бұл көрсеткішті барынша төмендету міндеті тұр. Осы мақсатта аналар мен балалар арасында алдын-алу шаралары жүргізілуде", - деді ҚР Премьер-Министрінгің орынбасары.

Сонымен қатар, ол бүгінгі білім беру және әйелдер мен балалардың тәрбиесін тілгне тиек етті. Жалпы, әлем бойынша балаларға білім және тәрбие беруде мектеп ролі алдыңғы қатарда тұр. Дәл осы кезеңде бала белсенді және жаңа мәдіметтерді қабылдау қабілетіде зор", - деді Г. Ибдіхалықова.

Оның пайымынша, отбасы баланың рухани-адамгершілік тәрбиесінің қайнар көзі.

"Біздің өміріміздегі есте қалған ең жарқын сәттер - ол балалық шақ. Дәл сол кезде отбасыңа, отаныңа деген махаббат, үлкенге құрмет, еңбекқорлық сынды қасиеттер баланың бойына сіңеді", - деп ол атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны