26.05.2008, 17:34 3042

Қазақстанда арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды

Қазақстанда арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ішкі істер министрлігінің қызметкерлері "Іздеу салынады" атты арнайы операция аясында іздеуде жүрген 400-ден астам қылмыскер қамауға алынды. Бұл туралы брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Операция барысында іздеуде жүрген 419 қылмыскер тұтқындалды. Оның ішінде 11 кісі өлтіруші, қарақшылық шабуыл жасаған 10 азамат, 25 тонаушы бар", - деп толықтырды Б. Қожахметов. Сонымен бірге, Қазақстан полициясының қызметкерлері ТМД-ның өзге елдерінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеу салған 48 қылмыскерді қамауға алған.

"Іздеу салынады" операциясы іздеу салынған қылмыскерлерді тұтқындау, сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған азаматтардың мекен-жайын анықтау мақсатында мамырдың 18 мен 25 аралығында өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны