12.05.2008, 16:07 2699

Қазақстанда арнайы операция аясында полиция қызметкерлері браконьерлерден 42 тонна балық тәркіледі

Қазақстанда арнайы операция аясында полиция қызметкерлері браконьерлерден 42 тонна балық тәркіледі

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда "Бекіре" жедел алдын алу шарасы аясында браконьерлерден 42 тонна балық тәркіленді. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, "Бекіре" жедел алдын алу шарасы басталғалы бері Орал-Каспий бассейнінің аумағынан Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ішкі істер органдары 136 заң бұзу оқиғасын анықтап, 150 браконьерді тұтқындаған.

"Заң бұзушылардан 41,6 тонна балық тәркіленді. Оның ішінде, 2,5 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар. Мемлекетке келген шығын 10 млн 380 мың теңгені құрады", - деп атап көрсетті Б. Қожахметов.

ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, осы көрсетілген облыстардың ішкі істер органдары заңсыз балық аулағандары үшін 14 қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алғаны немесе сатқаны үшін 26 қылмыстық іс қозғалған. 387 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны