26.03.2015, 17:49 3700

Қазақстанда әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарға жауапкершілік күшейтілді

Оныӊ сөзінше, бүгінде заӊда тиісті норма бар. "Қазақстан азаматтары заӊға бағынып үйренген және олар әскерге шақыру қағазын алысымен бірден әскери комиссариатқа келіп, шақыру комиссиясыныӊ тиісті шешімін алады",-деді А.Өсербаев.

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап, Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексі мен Икімшілік құқықбұзушылықтар Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабыныӊ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығыныӊ орынбасары, жасақтау басқармасыныӊ бастығы Амантай Өсербаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылдыӊ 1-қаӊтарынан бастап, ҚР Икімшілік Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді. Енді әскери қызметін өтеуден жалтарған азаматтарға 1000 айлық есептік көрсеткіш деӊгейінде айыппұл салынады және қылмыстық жауапқа тартылады",-деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, бүгінде заӊда тиісті норма бар. "Қазақстан азаматтары заӊға бағынып үйренген және олар әскерге шақыру қағазын алысымен бірден әскери комиссариатқа келіп, шақыру комиссиясыныӊ тиісті шешімін алады",-деді А.Өсербаев.

Осы ретте ол әскерге шақырылушылар енді әскери қызметін атқарудан мақсатты түрде бас тартып, жүйелі түрде заӊсыздыққа жол беретін болса, оларға айыппұл салынып, қамауға алынатындығын атап өтті.

Сол себепті Қорғаныс Министрлігі басшылығыныӊ алдыға қойған міндеттеріне сәйкес, жергілікті әскери басқару органдары шақыру науқанындағы келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер мен шұғыл шақырылған әскерилер санын 80-де 20 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 70-те 30 болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны