15.01.2013, 10:15 3077

Қазақстанда "Астана ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясы" АҚ құрылады

"Бүгін біз "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қабылдап отырмыз. Компанияның 2013 жылдағы қызметі дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталады", -деді Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы қаулының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін біз "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қабылдап отырмыз. Компанияның 2013 жылдағы қызметі дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталады", -деді Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысы Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Үкімет жұмысының ұйымдастырушылық схемасы жасалып қойды. Вице-премьер Қайрат Келімбетов бастаған Ұйымдастыру комитеті көрмені өткізудің негізгі бағыттары бойынша 8 жұмыс штабының жұмысын үйлестіретін болады.

"Сондай-ақ жақын күндері Ұлттық консультанттың кеңсесі құрылады. Астана әкімдігі өз кезегінде Қала нысандарын даярлау және жаңа құрылыстар салу жөніндегі дирекция құрады. "Нұрлы Астана" корпоративтік қорының жанындағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау қоры да жұмысын жалғастырады.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспардың іс-шараларының 90%-дан астамы 2013 жылға жоспарланған. Тіркеу құжаттары 2013 жылдың қазан айында Халықаралық көрмелер бюросының атқарушы комитетінде бекітілгеннен кейін Ұлттық жоспар 2014-2018 жылдарға арнап түзетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны