23.12.2016, 21:15 4395

Қазақстанда "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымыныӊ іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен 33 адам ұсталды

Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардыӊ іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымыныӊ ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша 21 желтоқсанда басталған арнайы операцияны аяқтады,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі.

"Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымныӊ іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды.

"Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтаушыларыныӊ тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды",- делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК хабарлауынша, бүгінгі күні алынған айғақтар жиынтығы бойынша "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұяшығыныӊ 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылды.

8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таӊдалды. Ұйымныӊ қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады.

"Ұсталған адамдардыӊ көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардыӊ іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны